Клуб құрамына қабылдау

«Елсана» руханият клубы өз жұмысын

қоғамдық негізде, ашық форматта жүргізеді.

Байланыс телефон:
7 (701) 302 70 59
7 (777) 999 77 71

Мекен-жайымыз:
Атырау қаласы, Баймұханов көшесі 21А

«Елсана» руханият клубының
БАҒЫТТАРЫ

1. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін басшылыққа ала отырып, Зайырлы Мемлекет және Жоғарғы Руханият қағидасы шеңберінде Қазақ елінің мемлекеттік санасын, ел санасын көтеру, байырғы ұлттық менталитетімізді, салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді бүгінгі ұрпақтардың қажеттіліктеріне айналдыру мақсатында біз барлық жерлестерімізді «Елсана» руханият клубы жұмысына белсене атсалысуға шақырамыз.

2. Біз қазақ болып тұтаса, ұлт болып ұйыса түсуіміз қажет. Біздің бір ғана Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан. Ол – біздің байлығымыз. Сондықтан да тұрақтылық, бірлік, жасампаздық жолында үлкен де ауқымды үлес қосуды әрбір азамаымыз өзіне парыз деп санауы тиіс.

3. Біздің негізгі идеямыздың көзі бабалар еңбегінде жатыр. Егер бәріміз содан тыныс алып сусындасақ, бәрімізге ортақ ақыл бірлігі болады. Сондықтан ұлы тұлғаларымызды терең меңгеру (Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов, Ахмет Жұбанов, Қаныш Сәтбаев, Дінмұхаммед Қонаев), оларды ұлықтау, бабалар ілімін тәжірибе жүзінде пайдаланып отыру, оны әрбір қоғам мүшесінің жүрегіне жеткізу іргелі елге айналудың негізі болмақ.

4. Өз тарихымызды терең талдай отырып, оны ескеріп отыру басты міндет деп санаймыз. Өткеніміз түгенделмей, бүгініміз бүтінделмейтінін қатерде ұсталық, ағайын. Өткеннің дұрысы – өнеге, бұрысы – сабақ. Өткеннің өнегесі бүгінгі күннің баға жетпес байлығы.

5. Рухани құндылықтарымызды қастерлеу аса маңызды. Салт-дәстүрлерімізді, әдет-ғұрыптарымызды, білім-біліктілігімізді, әдебиет-мәдениетімізді, иман кемелдігімізді, ата-бабалар салған жолымызды, яғни исламдағы қазақ жолын дәріптеп отыру – өркенет жолындағы ұстанымымыз. Адамның ішкі жан дүниесі қандай пәк, мөлдір таза болса, оның ісі де әсем, сұлу, көркем болатынын есте тұрақты ұсталық. Халық өмірі оның келесі ұрпағымен жалғасып отырады. Сондықтан жас буынға, бала тәрбиесіне, ата-аналарға осы ақиқатты сапалылықпен жеткізіп отыру міндетіміз.

6. Осы бағыттарда «Елсана» руханият клубы салмағы үлкен кештер, дөңгелек үстелдер, көлемді рухани шараларды тұрақты ұйымдастырып отырады. Тәуелсіздік алдымен қазаққа керек. Қазақстан болашағы – қазақтың қолында. Қазақтың жерінің де, тарихының да, дәстүрінің де иесі – өзіміз. Сондықтан еліміздің болашағына алдымен біз жауаптымыз деп санаймыз. Әрине, ортақ мүддеге біріккен көпұлтты мемлекет екеніміз де рас. Дегенмен қазақ алдымен өзін-өзі тануы керек, дінін, кісілігін түсінуі қажет. Біз опық жесек, алауыздықтан опық жеген халықпыз. Мұны біз тарихтан жақсы білеміз. Сондықтан да ең алдымен бізге керегі – ағайынның ынтымағы, бірлігі. Онсыз тарих көшіне ілесе алмай қаламыз. Ұлы бабаларымыздан қалған аманат осы. Бұл «Елсана» руханият клубының өзекті ұстанымы болып саналады.

7. Түрлі пікір-алмасу тақырыптары: - Теріс пиғыл, жағымсыз әдеттерден, кері тартатын, елдің шырқын бұзатын мінездерден (жағымпаздық, мақтаншақтық, даңғойлық, т.б. абыройсыз іс-әрекеттер, қылықтар қоғам дамуын тежейтін факторлар) арылу; - Елбасы саясатын үнемі насихаттау, білім тарату шеңберін ұлғайту, қоғамдағы түрлі оқиғаларды жете түсіндіру; - Арнаулы тақырыптарға, проблемаларға (тарих, әдебиет, мәдениет, әлеуметтік проблемалар, жастар тәрбиесі, дін, діл, тіл, имандылық мәселелері) тұрақты дәріс оқитын лекторлар тобын жасақтау;

8. «Елсана» руханият клубы өз жұмысын қоғамдық негізде, ашық форматта жүргізеді.

X

Клуб құрамына қабылдау




X

Төрағаға хат жолдау




X