Клуб құрамына қабылдау

«Елсана» руханият клубы өз жұмысын

қоғамдық негізде, ашық форматта жүргізеді.

Байланыс телефон:
7 (701) 302 70 59
7 (777) 999 77 71

Мекен-жайымыз:
Атырау қаласы, Баймұханов көшесі 21А

17.06.2019

НАҒЫЗ АТА ҚАНДАЙ ?

Әрқашанда, ұлттың салты мен дәстүрін дәріптеп, ұлттық құндылықтарды бала тәрбиелеудің қыры мен сырына пайдаланып, бала бойына қазақтың, қазақтық қасиеттерін сіңіруге үлес қосып, еңбектеніп жүретін Орынбасарова Жұмагүл Орынбасарқызының шақыруымен "Тұлпар" демалыс орнына барып қайттық.

Үлкен тәрбиелік мәні бар, "Баталы ұл арымас..." тақырыбында сайыс өтті. Әрине, сайыстың аты- сайыс. Тайға таңба басқандай тақылдап тұрған өрендер де, сөзін ұмытып, шатасып кеткендер де болды. Әңгіме онда емес. Ата сақалы ауызына біткен кейбір үлкендеріміз, әлі күнге батаны тілекпен шатастырып жүргенде, бұл бала үшін үлкен жетістік деп білеміз.

Ең бастысы, оладың батаны сезіне білуі! 
Ең маңыздысы балалар "НАҒЫЗ АТА"-ны көріп, ақ батаның құдіретімен танысуы.

Шара біткеннен кейін балалар АҚМЫРЗА атамызды жан-жақтан қаумалап, қол беріп амандасып, құшақтап жан дүниелерімен жақсы көріп қалғандарын жасыра алмады. Кезек-кезек фото суретке түсіп, таласып жатты.

Ақ ниетпен, шын жүрекпен айтылған батаның құдіреті жас өркендерімізге дарыса екен, арман-мақсаттары, тілектері орындалса екен. 
Тағдырдың талайына түсіп, ата-ана қамқорлығынсыз қалған кейбір балапандарды көргенде- жүрегіміз ауырды -ақ... Өмірдің бұралаң жолдарына ертерек түскендері өкінішті, бірақ жол - әлі жалғасады.
Алдарынан ақ жол туатын күн тезірек жетсе екен!!!
"НАҒЫЗ АТА"-ның, бүлдіршіндерге берген ақ батасы қабыл болсын!

Оставьте комментарий

X

Клуб құрамына қабылдау




X

Төрағаға хат жолдау




X