Клуб құрамына қабылдау

«Елсана» руханият клубы өз жұмысын

қоғамдық негізде, ашық форматта жүргізеді.

Байланыс телефон:
7 (701) 302 70 59
7 (777) 999 77 71

Мекен-жайымыз:
Атырау қаласы, Баймұханов көшесі 21А

18.06.2019

"Ақжелкен" шығармашылық орталығында Исатай ауданының құрметті азаматы, "Еңбекте үздік шыққаны үшін", "Ерен еңбегі үшін" медальдарының иегері Жұмажан Қадымұлының "Талайлы тағдырлар" кітабының тұсау кесері өтті. 
Өлке тарихы мен тарихи тұлғалар өмірінің беймәлім тұстарын баяндауға арналған кітапта, автор, Кіші жүздегі ұлт-азаттық көтерілістің дем берушілері Исатай мен Махамбеттің және оның серіктері туралы жан-жақты әңгімелеген.

Бұл кітаптың ерекшелігі ауызекі айтылып, бабадан балаға мирас болып жеткен тың деректермен толығуы, автордың өз пайымдаулары мен еш жерде жарық көрмеген оқиғалар желісінің болуы.

Өлке тарихы әлі де зерттеліп, бай мағлұматтармен толыға берері хақ. Осындай құнды кітаптардың жас ұрпақ тәрбиесіндегі ролі, әсіресе отансүйгіштікке тәрбиелеуде, ата-баба аманатын тануда, олардың тәуелсіз еліміздің бүгінгі 
болашағы жолындағы ерлік істерін ұғынуда үлкен септігі бар екені сөзсіз.

Кеш қонақтары, облысымызға танымал өлкетанушылар, журналистер, шежірешілер игі жақсыларымыз жиналып, өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты.

Кітаптың тұсауын кесу, Қатимолла ағамыз бен Ақмырза ақсақалға тапсырылды.
Қиылған қызыл лентаны ырым қылып алған "Әлібек" ақындар алаңының жас ақыны, жетекшісі Талап Нұрай қызымызға да өлеңдер жинағы шықсын деген тілек білдірдік. 
Шараға қатысушыларға арнап, Махамбеттің күйлері, ақынға арналған термелер орындалды.
Шараның екінші бөлімі Батима апайымыз дайындаған дастархан басында жалғасты.

Талайлы тағдырларды танып, талғампаз жұртына жеткізген кітап авторы Жұмажан ағамызға қаламыңыз мұқалмасын, көргені көп кемеліңіз, жеткені көп беделіңіз артып, әлі талай тақырыпта тың дүниелер тудыра беріңіз деген тілектеміз!

Оставьте комментарий

X

Клуб құрамына қабылдау




X

Төрағаға хат жолдау




X