Клуб құрамына қабылдау

«Елсана» руханият клубы өз жұмысын

қоғамдық негізде, ашық форматта жүргізеді.

Байланыс телефон:
7 (701) 302 70 59
7 (777) 999 77 71

Мекен-жайымыз:
Атырау қаласы, Баймұханов көшесі 21А

14.07.2019 БЕЙНЕБАЯН

"АЛТЫН АЙМАҚ" тарихи танымдық экспедициясы -АҚМЕШІТТЕ

Ұлттық рухты көтеру, ұлттық сананы жаңғырту, тарихымызда қайта зерделеуді мақсат еткен алғашқы сапарымызбен, бізге деген қызығушылығы бар жандарды таныстырғалы отырмын.

Атырау облысы тарихи ескерткіштерге бай өңір.

313 нысан жергілікті тізімде тұрса, төртеуі Қазақстанның киелі 100 тізіміне еніп отыр.

Олардың қатарында рухшыл ақын Махамбет Өтемісұлының кесенесі,Сарайшық қаласының орны, Жылыой ауданындағы қасиетті Ұшқан ата кесенесі және Пір Бекеттің өзі ғұмыр кешкен Ақмешіт қорымы бар.

Елсана руханият клубының мүшелері тарихшылар алаңының "Алтын аймақ" бағыты бойынша алғашқы тарихи-танымдық экспедициясын қасиетті мекенге Ақмешітке зиярат етуден бастады.

Экспедиция құрамында "Ақжелкен" шығармашылық орталығының директоры Дәулетов Нұрберген, философия ғылымдарының докторы, профессор Бекежан Өмірбек, тарихшы Қарамырза Болат, "Алтын адам" тарихшылар алаңының жетекшісі Өмірзақов Әділбек, Аналар алқасының мүшелері, тарихшы Төремұратова Роза, зейнеткер,музыка маманы, Ибрагимова Гүлнарайым, қолөнер шеберлері Сүйесінова Рая, Қабделова Қарлығаш, Елсана руханият клубының координаторы, тарихшы Қожрақова Майра қатысты.

Ойы мен тілегі, көзқарасы мен пікірі бір, қызығушылықтары мен жаңалыққа жаны құмар, оптимист жандардың басын біріктіретін Елсана руханият клубы мүшелерінің алғашқы сапары өте сәтті, көңілді, тамаша өтті деуге болады.

Ақмешіт-Құлшан ата мешіттерінің тарихымен танысып, ол туралы деректермен қанығып, жиналған мәліметтерді қорға сақтайтын боламыз.

Ақмешіт кешенімен таныстырған Мұхамеджан Исламұлына, қазақтың кең пейіл, дархан мінезімен, дастарханын жайып, алдымызға ас тартқан Зиба Биманқызына ерекше алғысымызды білдіреміз.

Клуб жұмысының мақсаты мен бағыттарын таныстырып, шеберіміз Рая Аяшқызының, Қарлығаштың қолынан шыққан құрақ көрпе мен жастығымызды тарту еттік.

Аналар алқасының өнерлі аналары, Зиба анамызды ортаға алып Шәмші ағамыздың өлеңдерін шырқадық.

"Әрбір азамат елін, жерін танып, сонымен байланысты дүниелерді қамқорлықта ұстай білуі керек" деген ойды түйіндеп, "менің елім, менің жерім"- деп жүрегі соғатын жандардың көп болуын тілеп қайттық..

Оставьте комментарий

X

Клуб құрамына қабылдау




X

Төрағаға хат жолдау




X