Сағат 19.00-де Атырау телеарнасы. «Инабат» алаңының аналары, «Ақ сәуле» алаңының қолөнер шеберлері, Нұрғазы Дина, Сүйесінова Рая, Жолдығалиева Бағытжан және Айдарова Айша телебағдарламаға қатысып өз қолдарымен жасалған бұйымдарымен таныстырды. Қызығушылық танытқан көрермендерге, қазақ әйелінің қолынан бәрі де келетіні, ол үлкен еңбек пен ынтаның арқасында ғана жүзеге асатындығы айтылды.
Қатарға қосыламын, өз қолымнан ұлттық өнерімізді дамытуға үлес қосамын деген жанға есігіміз ашық!