Мәлік Мақсотұлы Абилхаиров
Мәлік Мақсотұлы Абилхаиров – Ішкі Істер саласының ардагері. 18.11.1955 жылы Ресей, Москва өңірінде дүниеге келген. Қарағанды КИ-нын экономист-ұйымдастырушы мамандығы бойынша бітірген. Облыстық Статистика басқармасында, Тұтынушылар қоғамында жауапты қызметтер атқарған. Ішкі Істер саласында басшылық қызметтен зейнетке шыққан соң, «Атырау МұнайГазГеология» АҚ, «Эмба МұнайГаз» АҚ-нда Заң және кадр бөлімінің басшысы, Қаржы директоры, Қауіпсіздік департаменті директоры қызметтерін атқарған. Жанұялы. Екі ұл, екі қызынан өрбіген немере-жиендерінің ортасында ардақты әке, асыл ата. Әр түрлі Алғыс хат, мерекелік төсбелгілермен марапатталған.