Таубаев Бақтыбек Жұбандықұлы
Атырау облысының Құрметті азаматы. Қоғам қайраткері, ғалым-ұстаз. Экономика ғылымдарының кандидаты (1992 ж), Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор (2010 ж.). Қазақ Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының толық мүшесі (академик). Санк-Петербург қаласындағы Психологиялық ғылымдардың халықаралық академиясының корреспондент мүшесі. ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері (2012 ж.), ҚР ауыл шаруашылығы саласының үздігі (2015 ж.), Индер, Махамбет, Жылыой аудандарының "Құрметті азаматы". 1942 жылы 20 ақпанда Жылыой ауданында дүниеге келген. Алматы қаласындағы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын топырақтану - агрохимия мамандығы бойынша (1964 ж.), Республикалық жоғары партия мектебін (1974 ж.), Мәскеу қаласындағы ауыл шаруашылығы мамандарының білімін жетілдірудің институтын (1984 ж.), Қазақ ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын (1985 ж.) бітірген. Партия, Кеңес, шаруашылық саласында жауапты қызметтер атқарған. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетінің профессоры. КСРО-ның "Құрмет белгісі" (1976 ж.) орденімен, Елбасының Алғыс хаттарымен (2011, 2015, 2016 жжж.), Қалмақ Республикасы Халық Хуралының (Парламенті) Құрмет дипломымен (2012 ж.), "Қазақстан Мәслихатына – 25 жыл" медалімен (2019 ж) марапатталған. Отбасылы. Ұл-қыздары мен немере-жиендерінің ортасында асыл әке, аяулы ата.